Ұлы Жібек жолы туралы 10 мәлімет
Stan.kz Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен сауда бағыттарының бірі Ұлы Жібек жолы туралы танымдық деректер ұсынады.
Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.
Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.
Наурыз мерекесі туралы қызықты мәліметтер >>>
Дәл осы жолмен батысқа қарай барлық керуендер жүретін болған. Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-саттық нығайды. Қытайдан шыққан керуендер солтүстік Тянь-Шань тауларына бағыт алып, Орталық Азияны кесіп өтіп, ары қарай Подсамудария, Хорасан арқылы Месапатамимен Жерорта теңізіне жететін.
Осы кезде Жібек жолы қатып қалған бір бағыттан тұрды деуге болмайды. Жүз жылдар бойы оның жолдары ауысып, керуен бағыттары құбылып тұрды. Тиімділігі жоғары бағыттар өркендесе, пайдасы төмен бағыттар құлдырады. 6-7 ғасырларда ең жиі пайдаланылған бағыт Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы бағыт болды.
Бұл бағыт арқылы бірінші кезекте алтынмен қатар әлемдік валюта түріне айналған жібек матасы тасымалданды. Бұл қымбат маталар патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынылып, жалданбалы әскерге жалақы төленіп, мемлекеттік қарыздар осы жібек матасымен қайтарылған. Өз кезегінде Рим мен Византиядан, Үндістан, Иран мен Араб халифатының, кейінгі жылдарда Еуропамен Русьтен осы елдерде өндірілген тауарлар да тасымалдана бастады.
Жібек жолы бойында тұрған Отырар, Тараз, Сайрам, Түскістан, Суяб, Баласағұн және тағы да басқа қалалар өркендеп сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени және ғылым ошақтарына айналды. Орталық Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен жібек жолы 14 ғасырға дейін пайдаланылды. Оның жойылуына тайпалар арасындағы соғыстар мен қытайлықтардың теңіз жолдарын игеруі себеп болды. Ғасырлар тегілі Ұлы Жібек жолының тарихи орны мен маңыздылығы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Батыс Еуропа, Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысымен жалғасты.
- «Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын.
- Аталуына қарап бұл жолды қандай да бір мықты магистраль деп ойлайсың. Алайда, тарихшылар айтып өткендей, Ұлы Жібек жолы үлкен ағашқа ұқсайды, себебі оның көптеген бағыттар болған. Осылайша, сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыды.
- Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.
- Қытай императорының сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін жіберген арнайы дипломатиялық керуені Қытайға 13 жылдан кейін бір-ақ оралған.
- Жібек жолы сүрлеуін жылқы салған.
- Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар мен азықтық дақылдар жеткізілді.
- Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді. Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді.
- Қытай аңыздарында жібек жіпті ең алғаш болып Си Линг-чи патша ханым алған елінген. Аңызға сүйенсек, патша ханым шай ішіп отырған кезде оның шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді. Сөйтіп, патша ханым құрттың жібін тарқатып алып, осылайша алғашқы жібек жіп алынады.
- Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған.
- Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.