Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк 2027 жылы зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа тәсілдерін әзірлемек

қор
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстанда зейнетақы жинағын инвестициялау, яғни одан қосымша табыс тауып, ақшаны көбейту кезінде адамның жасын ескеру ұсынылды. Жаңа тәсіл бойынша жастардың жинағынан көбірек табыс табуға мүмкіндік берілсе, зейнетке жақындағандардың ақшасын жоғалтып алмауға басымдық берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұндай тәсілдің не үшін қажет екенін 22 және 60 жастағы адамның мысалымен түсіндірді.
"22 жастағы жас университетті бітіріп, жұмысқа енді кірісті делік. Оның алдында әлі 40-50 жыл еңбек жолы бар. Сондықтан оның жинағын тәуекелі жоғарырақ бағыттарға салуға болады. Ал қазір 60 жастағы адамның ақшасын тәуекелі жоғары бағытқа салып, зейнетке шығар кезде бәрінен айырылып қалуына жол беруге болмайды. Сондықтан адамның жасына қарай бөлу – қарапайым қаржылық әрі әлеуметтік қисын", – деді Тимур Сүлейменов.

 Қазір зейнетақы қорындағы ақша түрлі қаржы құралдарына салынып, одан табыс түседі. Ұсынылып отырған өзгеріс осы табысты көбейту жолын салымшының жасына қарай таңдауды көздейді.

Қарлығаш Асқарова
Жұма, 04 Қыркүйек, 2026 15:31