Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк cалуға 1 миллиард теңге бөлінді
Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
"Су қоймасы бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаж жүйесін ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау салынады.
Үлкен Талдыкөлде өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Көл жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”