Украиналық әнші "Қазақстан дауысы" жобасында қазақша ән шырқап, елді тәнті етті (видео)
"Qazaqstan дауысы" жобасында биыл әртүрлі елдерден келген өнерпаздар бақ сынауда. Өткен сенбіде Украинадан келген 22 жастағы Виктория Булеева қазақша ән шырқап, тәлімгерлерді тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Киев қаласынан келген Виктория Булееваның дауыс диапазоны 4 октаваны құрайды. Тәлімгерлер оның талантына тәнті болып, таңдай қақты. Оған Маржан Арапбаевадан басқа тәлімгерлердің үшеуі бұрылды. Ал Виктория Майра Мұхаммедқызын таңдады.
Айта кетсек, жобаның өткен бөлімінде Грузиядан келген Татия Коболадзе Маржан Арапбаеваның тобына, ал қырғызстандық Нұржігіт Сыбанқұлов Әлемнің тобына өтті. Бұдан бөлек, жобада Өзбекстан, Қытай елінен келген өнерпаздар бар.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді