Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаға қарсы соғысқа қатысқан қарағандылық ер адамға сот үкімі шықты

​​34 жастағы қарағандылық Алексей Шомполов Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шомполов Ресейдің Краснояр облысында туған, бірақ Қазақстан азаматтығын алған. 2023 жылдың сәуірінде ол Вагнермен келісімшартқа отырып, әскери жалдамалы ретінде 240 000 рубль жалақы алған.

Шомполовтың лақап аты "Зубрак" болды.

Ол әскери дайындықтан өтіп, 24 сәуір мен 13 мамыр аралығында артиллериялық топ құрамында Украинаның Бахмут аймағындағы ұрыс қимылдарына қатысты. 13 мамырда артиллериялық атқылау кезінде Шомполов оң жақ шынтақ буынынан жараланып, Луганск қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Ер адам Вагнерден 235 000 рубль алған соң Қазақстанға оралған. Елде соғысқа қатысқаны үшін сотталды.

Шомполов бұл заңды білмегенін айтты. Ол Украинада соғыс жүріп жатқан жоқ, бірақ бейбіт тұрғындарды босату үшін арнайы операция жүргізілуде дегенге сендім дейді.

Талқылау