Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы ұшақ апаты: Оқиға орнында түсірілген видео пайда болды (видео)

Желіде Украинадағы ұшақ апаты болған жерде түсірілген алғашқы видеолар пайда болды. Бүгін Львов әуежайының маңында ұшақ апатты жағдайда қонып, бірнеше адам көз жұмған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Украинадағы ұшақ апаты: Оқиға орнында түсірілген видео пайда болды (видео)

Украиналық депутат Игорь Зинкевич Facebook желісінде апат орнында түсірілген фотосуреттер мен видео жариялады. 

Еске сала кетсек, Украинадағы Львов халықаралық әуежайының маңында Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонған еді. Экипаж жанармай таусылғандықтан, апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шамамен бір жарым шақырым жерден табылды.

Бұған дейін БАҚ-та апат салдарынан 4 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Алайда Украинаның инфраструктура министрі Владислав Криклийдің мәліметінше, апаттан 5 адам мерт болған. 

Ұшақ бортында жалпы саны 8 адам болыпты: экипаждың 4 мүшесі мен жүкті жеткізуші ер адам.

Stan.kz
Жұма, 04 Қазан, 2019 13:55