Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Көз жұмғандар бар

Украинадағы Львов әуежайының маңында Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонды. Қазіргі уақытта экипаж эвакуацияланып жатыр.

Украинада жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды. Көз жұмғандар бар

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Хабарланғандай, бүгін сағат 10:10-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Ан-12 ұшағы Львов халықаралық әуежайына қонуға бағыт алғанда, 13,7 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кеткен. 

«Сағат 7:29-да (жергілікті уақыт бойынша – ред.) экипаждың бір мүшесі байланысқа шығып, Ан-12 ұшағы апатты жағдайда қонғанын хабарлады. Сағат 7:46-да Ан-12 ұшу-қону жолағынан бір жарым шақырым жерден табылды. Ұшақ өртенген жоқ. Экипаж зақымдалған ұшақтан шығарылып жатыр», - делінеді мемлекеттің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Мемлекеттің инфраструктура министрі Владислав Криклийдің мәліметінше, экипаж жанармай таусылғандықтан апатты жағдайда қонған.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы үшеуі зардап шеккен. Сонымен қатар екі адамның тағдыры белгісіз қалып отыр.

Талқылау