Украинада шенеуніктерге шетелде демалуға тыйым салынды
Зеленский украиналық мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттарға шетелге демалуға немесе қызметтен тыс басқа мақсатта баруға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украина президенті Владимир Зеленский тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды.
Ол бұл Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімі екенін айтты. Ел басшысының айтуынша, тыйым орталық биліктің барлық шенеуніктеріне, сондай-ақ жергілікті биліктің, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, халық қалаулылары мен прокурорларға және мемлекеттік қызметтегі барлық адамдарға қатысты.
"Олар демалғысы келсе, мемлекеттік қызметтен тыс демалсын. Шенеуніктер бұдан былай шетелге демалуға немесе басқа да мемлекеттік емес мақсаттармен шыға алмайды", – деп атап өтті Зеленский.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"