Украина президенті Зеленскийдің жалақысы белгілі болды
Украина Президенті Владимир Зеленский өзінің алдында болған Петр Порошенко сияқты жалақы алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Громадське" сайтына сілтеме жасап.
Зеленский маусым айында 28 мың гривен (72 мыңдай рубль) жалақы алып, 5460 гривен (14 мың рубль) ақшасын салыққа төлеген.
Украина президентінің алғашқы жалақысы 12,7 мың гривен (32,6 мың рубль) болған. Оның 2,4 мың гривені (6,1 мың рубль) салыққа кетіп, қалғаны сақтау жеріне қойылған.
Басқарма істерінің мәліметінше, Порошенко президент болып тұрғанында 2018 жылы 270,5 мың гривен (695 мың рубль) тапқан. Ол оны қайырымдылық қорына жіберіпті.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған