Украина президенті Владимир Зеленский елдің Еуропалық Одаққа қосылуы туралы өтінішке қол қойды
Украина президенті Владимир Зеленский елдің Еуропалық Одаққа (ЕО) қосылуы туралы өтінішке қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы хабарлама Жоғарғы Раданың ресми Telegram-каналында пайда болды.
"Украина ЕО туралы шарттың 49-бабына сәйкес Еуропалық Одаққа мүшелікке өтініш беру құрметіне ие", - делінген құжат мәтінінде.
Көшірмелері Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельге, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейенге және Еуропарламент төрағасы Роберт Мецолаға жіберілді.
Зеленский 25 ақпанға қараған түні өткен Еуропа кеңесінің шұғыл отырысына қатысты. Онда ол Украинаны ЕО-ға арнайы жеделдетілген рәсім бойынша қабылдауды сұрады. Одақ басшылығы бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған