Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина депутаты кеңеске Джокер бетпердесін киіп келді (видео)

Украинада «Оппозициялық платфаорманың» халық депутаты Илья Кива Жоғарғы Рада кеңесіне танымал Джокер фильм кейіпкерінің бетпердесін киіп келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: iz.ru сайтынан

Илья Кива кейіннен бетпердесін әріптесі Сергей Рудык сөз сөйлегенде шешіп, трибунаға қойыпты. 

Депутат Facebook желісінде: «Бүгінгі күні барлығымыз бірдей Джокермыз» - деген жазба қалдырыпты. 

Естеріңізге сала кетейік, «Джокер» фильмі осы жылдың қазан айында көрермендерге жол тартқан еді. 
 

 

Талқылау