Үкімет қосылған құн салығының мөлшерін 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды
Үкімет қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі үкімет ұсыныстарын талқылады.
"Біз мынадай механизмді қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген қосылған құн салығының мөлшері – 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС төлеуден толық босату, ал кейбір салалар үшін аралық мөлшер – 10%. Осылайша, үкімет ұсынған мөлшерлемелер 16%, 10%, 0% және толық босатуды қамтиды", – деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.
-
Қосылған құн салығының өсуі кімдерге әсер етпейді – Премьер-министр түсіндірді
-
"Көлеңкелі бизнес дамиды": Депутат қосылған құн салығының бірнеше есе көтерілетініне қарсы шықты
Қазір аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30%-ын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейді. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10% мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлері бизнес өкілдерімен әлі де талқыланып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін үкімет қосылған құн салығын 20%-ға дейін көтеруді ұсынған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде ұсынылған мөлшерлеме тым жоғары екенін айтып, үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр