Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет қазақстандық компанияның АҚШ-тың санкциясына ұшырағанын растады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандық "КБР-Технологии" компаниясының америкалық санкцияға ұшырауы жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dubinin-partner.com

“КБР-Технологии” компаниясы америкалық санкцияға ұшырады. Ол ресейлік әскери мердігерге жүк жеткізген деген болжам бар. Бұл туралы не айта аласыз?” – деп журналистер вице-премьерден сенат отырысында сұрақ қойды.

Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин бұл компанияның санкциялар тізіміне енгенін растады.

“Бірақ мемлекеттік кірістер комитеті мен өнеркәсіп министрлігінің мәліметтері бойынша, бұл компания экспорт-импорт лицензиясына жүгінбеген. Бізде елуге жуық басым тауарлардың тізімі бар, олар бойынша компанияның субъектіге бағытталған профилін жасаймыз. Бұл санаттағы тауарларды Қазақстаннан әкелмеген немесе экспорттамағандықтан оған бағытталған профиль құрастырылмаған. Қазір анықтап жатырмыз”, – деп жауап берді Серік Жұманғарин.



Еске салайық, бұған дейін қаржыгер Расул Рысмамбетов Мәскеу биржасына қарсы санкциялардың Қазақстанға әсерін жазған едік. Қаржы сарапшысы тікелей әсері болмағанмен, кей жағдайда салдары байқалатынын айтты. Сөзінше, Ресейдің қаржы органдары санкцияларолардың қызметін қиындату емес, қаржылық құрылымын бұзуға бағытталғанын көріп, симметриялы әрекеттерге кірісуі мүмкін.

Талқылау