Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет басшысы: Азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отырғанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азық-түлік

“Біздің негізгі мақсатымыз – жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету. Сондықтан, мемлекеттік органның әрбір жауапты басшысы кешенді жоспардың іс-шараларын сапалы орындауға бар күш-жігерін салуы тиіс. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Дегенмен азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр”, – деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының сөзінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ке өскен. Оның ішінде Ақтөбеде, Өскеменде, Семейде, Қызылордада – 0,2%-дан жоғары болды. Осыған байланысты өңір әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуі қажет.

“Әсіресе үстеме бағалардың тиісті 15%-дық мөлшерден асып кетпеуін қадағалау керек. Әкімдіктерде бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Біз ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға күш салуымыз қажет. Сонымен қатар тауарларды сақтау және тасымалдау ісіне қолдау көрсетуге тиіспіз. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көруі керек”, – деді Әлихан Смайылов.

Талқылау