Үкі ойнап жүрген баланың көзін ағызып жіберген
Башқұртстан Республикасының Салават ауданында үкі балаға шабуыл жасап, көзін ойып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті басылымның мәліметінше, зардап шеккен бала өзен жағасында достарымен ойнап жүрген. Үйге қайтып бара жатқанда жолда ол шөп үстіндегі үкіні байқап, оны алып кетпек болған. Мұны көрген ана-үкі өз баласына қауіп төндірді деп ойлап, балаға шаубыл жасап, көзін ағызып жіберген.
Баланы ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер жарақат алған көзді құтқара алмады. Уфада балаға бірнеше операция жасалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды