Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға 8 қазақстандық азамат эвакуацияланды
Уханьнан Ресей мен Өзбекстанға сегіз қазақстандық көшірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық тараптың өтініші бойынша, 5 ақпанға қараған түні тағы сегіз азаматымыз Қытайдың Ухань қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы бортымен эвакуацияланды. Біздің бес азамат Ташкентте екі апталық медициналық бақылауда болады, үшеуі Тюменьде бақылауда», - делінген хабарламада.
Эвакуацияланғандардың арасында Янджи университетінің бірінші курс студенті де бар, бұрын оны Қытайдың эпидемиологиялық қызметі температураға байланысты босатпаған.
Ұшу алдында Қазақстан азаматтары қосымша медициналық тексерістен өтті. Олардың арасында безгегі немесе коронавирус белгілері бар адамдар болған жоқ.
3 ақпанда Уханнан 83 Қазақстан азаматы, оның ішінде 80 студент эвакуацияланды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған