UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз лигамен келісімшартын үзді
UFC-дегі үшінші жеңілісіне ұшыраған қазақстандық спортшы қыз тұжырым келісімшартын бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова кезекті жеңілісінен кейін лигамен қош айтысты. UFC on ESPN 59 турнирінде бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіліп қалған отандасымыз UFC-ден ресми түрде шығарылды. Мариядан бөлек, қазақстандық Сергей Морозовты да лига шығарып тастады. Сергей Морозов (19-5) соңғы жекпе-жегін 2022 жылы желтоқсанда өткізген еді.
Айта кетейік, Мария Агапова (10-5) 2020 жылдың маусым айында UFC-де дебютін өткізді. Қазақстандық спортшы лигадағы жетістігі 2 жеңіс пен 4 жеңілістен тұрады. Ол кейінгі үш жекпе-жегінде жеңіліп қалса, Сергей екі жекпе-жекте жеңіліп, үшеуінде жеңіске жеткен еді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған

