UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз есірткі қолдануы мүмкін бе – Федерация президенті пікір білдірді
Қазақстан ММА және панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев "Sports True" Youtube арнасына берген сұхбатында Мария Агаповаға тағылған айып жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Мария Агапова соңғы жеңісінен кейін жекпе-жектен шеттетілді
"Машаның мұндайға жол бермейтініне сенемін. Әрі, бұл – UFC, мұнда спортшыларды ай сайын тексереді. Кез келген уақытта келіп, тексере алады. Егер мәселе допингте емес, есірткіде болса, Джонсон да бірнеше рет марихуана қолданып, ұсталған болатын. Қазір қалай екенін білмеймін, бірақ бұрын бұған тыйым салынатын. Марихуана ешқандай күш бермейді, тек спортшыны тыныштандырады. Әрине, мұны санаулы спортшы ғана тұтынады. Ал тыйым салынған медициналық препараттар үшін екі жылға спорттан шектетіледі. Бұл мерзім кезінде де UFC бақылап отырады", – деді Мекеев.
Айта кетейік, украиналық спортшы Марина Мороз Мария Агапованы есірткі қолданады деп айыптаған болатын.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн