UFC-дегі қазақстандық спортшы қыз үшінші жеңілісіне ұшырады
UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова кезекті жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова Денвер қаласында өткен UFC on ESPN 59 турнирінде жұдырықтасып, жеңіліске ұшырады. Екі жылға жуық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта шыққан отандасымыз бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіліп қалды. Сөйтіп Агапова UFC тұжырымындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
"Мені сексуалды құлдыққа сатқысы келеді": UFC-дегі қазақстандық спортшы қыз көмек сұрады
Айта кетейік, Мария Агапова кейінгі рет шаршы алаңға 2022 жылы шығып, жеңіліске ұшыраған еді. Бұл отандасымыздың UFC тұжырымымен келісімшартындағы соңғы жекпе-жегі болған.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді

