Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уэйн Руни "Ньюкасл" шабуылшысы Александр Исактың жағдайына пікір білдірді

Фото: Reuters

Ағылшын футболының аңызы, бұрынғы "Манчестер Юнайтед" ойыншысы Уэйн Руни "Ньюкасл Юнайтед" шабуылшысы Александр Исактың клубтағы жағдайына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда швед ойыншысы командаға көмектесуден бас тартып, өз трансферін талап етіп отыр.

Рунидің айтуынша, Исактың мұндай қадамы оның беделі мен алаңға қайта оралуына кедергі келтіруі мүмкін. "Жаттығудан бас тарту – қате шешім. Бұл сенім мәселесіне әсер етеді. Менің ойымша, ол дұрыс бағытта емес. Мүмкін, оған дұрыс емес кеңестер беріліп жатқан шығар. Ал оны алғысы келіп отырған "Ливерпуль" мұны ескеріп, ойлануы тиіс", – деді ол.

Сонымен қатар Руни өзінің мансабын мысалға келтірді. "Мен де бір кездері кеткім келген, бірақ ешқашан жаттығуды немесе ойынды қалдырған емеспін. Бүгінде футболшылар клуб үшін барын салады. Ал Исактың әрекеті, келісімшартына және аптасына 100 мың фунттан астам жалақы алатынына қарамастан, жанкүйерлерге де, командаға да дұрыс емес қадам болып тұр", – деп қосты ағылшын маманы.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 10:28
Талқылау