УЕФА Қазақстан футбол федерациясының президентінен "көңілі қалғанын" айтты
Еуропа футбол ассоциациялары одағы құпия ақпараттың "жария етілуіне" қатысты наразылықтарын білдіріп, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың сөздеріне жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов УЕФА-ға мүше елдердің жартысы Ресей жастар құрамасының халықаралық жарыстарға оралуын құптайды деген еді. Осылайша мүше елдердің басым бөлігі Ресейге қарсы санкцияны жеңілдетуді қолдауға әзір екенін айтқан.
"Топтық жиындардың бірі саясаттың Еуропа футболына әсеріне арналған. Мұнда маңызды геосаяси тақырыптар мен ашық сұрақтар талқыланды. Біз өзіне саяси ұпай жинау үшін нақты емес әрі орынсыз ақпаратты жария ете отырып, сенімімізді аяқ асты еткені үшін көңіліміз қалғанын ғана айта аламыз", – деді УЕФА баспасөз қызметі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

