Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен": Алматыда үш баласы бар келіншек үйінде өз-өзіне қол салды

Алматыда үш баласы бар келіншек үйінде өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Немолчи.кз қорына әйелдің көршісі Жібек Аменова мәлімдеген. 

Оқиға Алматы қаласы Мамыр-4 шағын ауданында болған. Келіншек балаларының көзінше үйде асылып қалған. 

Туыстары мен көршілерінің айтуынша, әйел жиі күйеуінің соққысына жығылған. Оны мұндай қорқынышты әрекетке тұрмыстық зорлық-зомбылық итермелеген болуы мүмкін дейді олар. 

“Келіншек – Қырғызстанның тумасы. Алматыда ешқандай танысы жоқ. Есімі – Айпері”, – деді Дина Таңсәрі. 

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме беріп, тергеу шаралары жүріп жатқанын түсіндірді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек ҚК-нің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылғы Б. азаматтың не себепті мерт болғанын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шараларын жүргізуде.

Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды”, – деді ПД.

Талқылау