"Ол көзіме шөп салды": Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын хабарлаған Ақтау тұрғынының күйеуі мәлімдеме жасады
Көпбалалы Арайлым күйеуінің қоқан-лоқысы мен қудалауынан қорқып, Ақтаудан қашып кеткен. Көп замай күйеуі тағылған айыптарға жауап беріп, оларды жала деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Күйеуінің айтуынша, олардың Арайлыммен тұрмыс құрғанына 12 жыл болған және араларында кәмелетке толмаған төрт баласы бар.
"Ол өз мәлімдемесінде осы уақытқа дейін тозақта өмір сүргенін және соққыға жығылғанын айтқан. Бұл мүлдем өтірік. Ол кейінгі алты жыл бойы басқа ер адамдармен көңіл қосып, достарымен үнемі ішімдік ішуді шығарды. Мен бәрін кешіріп, отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салдым. Өйткені балалардың тағдырына қатты алаңдадым. Оның Lada.kz редакциясына ұсынған фотолары бір жарым жыл бұрынғы суреттен. Ол кезде түнгі қыдырыстарының бірінде біреумен төбелесіп, құлап қалған", – дейді күйеуі.
Күйеуінің айтуынша, үйленген 12 жылдан астам уақыт аралықтар ол Арайлымға мейрамхана бизнесін, сонымен қатар киім дүкендерін ашуға көмектескен. Ол құрбысын басқарушы менеджер етіп жұмысқа алған. Күйеуі оның ақша жымқыратынын байқап, әйелінен барлық банктік есептерді көрсетуді талап еткен. Арайлым оған бірлескен бизнес туралы есеп беруден бас тартыпты. Есепшінің айтуынша, барлығы 51 миллион теңге ұрланған.
"Мен директор болған мекемеде есепші болып жұмыс істеп, 2022 және 2023 жылдарға арналған электронды банк кілттерін пайдаланып, 117 миллион теңгені ұрлап кеткен. Ол бұл қаражатты қазір алаяқтық және қаржы пирамидасын жасағаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқан достарына аударған. Мұның барлығы аудит арқылы дәлелденді. 27 ақпанда полицияға арыз жазатынымды ескертіп, түсініктеме талап еттім. Содан кейін ол маған бәрін қайтаруға уақыт беруімді сұрады. 29 ақпанда ол өз жұмыстарымен шығып, бес күн бойы жоғалып кетті. Бұл кезде балалар менің қасымда болды. Мен оны іздедім, достарым мен туыстарыма қоңырау шалдым, бірақ таппадым. 4 наурызда оның адвокаты телефон шалып, балаларымен кездесуді өтінді. Мен оның өзі келуі керек екенін айттым, бірақ ол бас тартты. Ол 29 ақпанда үйден шыққанға дейін бізде тұрмыстық ұрыс-керіс болған жоқ. Мен жай ғана ажырасуды сұрадым, өйткені мен оның барлық ерсі әрекеттеріне шыдаудан шаршадым", – деді Арайлымның күйеуі.
Күйеуінің айтуынша, кейінгі жылдары Арайлым бірнеше рет тұрмыста болған қыздармен араласып, қатты өзгерген. Олармен бірге коучтар мен психологтарға барғыш болып кеткен.
6 наурыздан бастап Арайлым балалармен пәтер жалдап тұрған. 8 наурызда түс ауа екі баласын күйеуіне жіберіп, қалған екеуін жалдамалы пәтерінде қалдырып, достарымен қыдыруға кеткен. 9 наурыз күні таңертең қалада көлікпен келе жатқанын көрген күйеуі одан балалардың қайда екенін сұраған. Ол жауап бермеген. Осы кезде ол көліктің терезесін шаққан, бірақ әйеліне "саусағын да тигізбеген". Күйеуі бұл үйде қараусыз жалғыз қалған балаларға алаңдаушылықтан жасалған әрекет екенін түсіндіреді.
"Есі дұрыс әйел балаларын пәтерде жалғыз қалдырып, таң атқанша тыныш жүре ала ма? Мұның бәрі полицияның тексеруімен дәлелденді", – деп атап өтті төрт баланың әкесі.
Ер адамның айтуынша, Арайлым 28 наурызда алаяқтық жолмен үш баланы Алматыға алып кеткен, содан бері олардың қайда екенін ешкім білмеген. Балалар мектепке бармайды. Мұның барлығын полицейлер күйеуінің өтініші бойынша дәлелдеген.
"Қазір некені бұзу бойынша іс жүргізіліп, балалардың тұрғылықты жері анықталып жатыр. Бірінші сот отырысында Арайлым процеске онлайн режимде қатысты. Полицейлердің сұрауы бойынша Алматыға ұшып келіп, сонда болғанымен, Астанадамын деп судьяны адастырды. Ол өзінің және оның достарының үстінен қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын біледі. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған бірнеше рет шақыру қағазы жіберілді, бірақ ол бәрін елемейді. Оның үстінен үшінші тұлғаларға қарызы бойынша да бірнеше іс қозғалды. Ол соттан және тәртіп сақшыларынан жасырынып жүр. Мен жай ғана балаларды көргім келеді, бірақ ол қылмыстық жазадан құтылу үшін оларды пайдаланып, жан-жақты манипуляция жасап, алауыздықты ушықтырып отыр. Тіпті менімен бірге қалған 11 жасар қызым да анасымен байланыса алмай отыр", – деп түсіндірді ол.
Бұған дейін полиция күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін хабарлаған қазақстандық әйелдің ісіне қатысты пікір білдірген еді.