Тұрғымбаев: Қазақстанда әр учаскелік полицей кем дегенде 5 жыл жұмыс істейді
Қазақстанда учаскелік инспекторлардың мәртебесі заңмен көтеріліп жатыр. Бұл жағдайда учаскелік офицердің өкілеттік мерзімі - кем дегенде бес жыл белгіленеді.

Бұл туралы брифингте ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Бұл өте маңызды. Өз аймағы мен оның тұрғындарын мұқият білетін, азаматтардың сеніміне ие тәжірибелі қызметкер ғана қауіпсіздік мәселелерін тиімді шеше алады. Сондай-ақ, кері байланыс болуы керек. Яғни, тұрғындар учаскелік полиция қызметкеріне көмек көрсетулері керек», - деді Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, әкімдіктер жаңа учаскелік пункттердің құрылысын, соның ішінде учаскелік инспекторларға арналған тұрғын үймен біріктірілген пункттерді, сондай-ақ қызмет көрсету жағдайларын жақсарту жұмыстарын жүргізуде.
Учаскелік инспекторға тәртіп бұзушыларға тыйым салулар мен шектеулерді дербес белгілеу құқығы беріледі.Соның ішінде құқық бұзушылық жасау қатері болса, үйінен шығара алады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар