Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұңғыш президентке көңіл айтуды дұрыс деп санадым": Смайылов Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне не себепті барғанын түсіндірді

Премьер-министр Әлихан Смайылов жақында қайтыс болған Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың жаназасына не үшін барғанын түсіндірді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Назарбаев жерлеу

rus.azattyq-ruhy.kz 

Тұңғыш президенттің інісі 13 қарашада қайтыс болған, оны жерлеуге премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы облысының Шамалған ауылына келген. Ал сол күнге жоспарланған үкімет отырысы кейінге шегерілген.

Премьер-министр сенат залында өткен брифингте Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне баруына қатысты пікір білдірді.

Смаилов өз сөзінде ұзақ жылдар бойы сақталып келе жатқан дәстүрден аттап кеткісі келмегенін аңғартқан.



“Ата-бабамыздан бері келе жатқан, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз бар. Бұл – марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айту. Сондықтан премьер-министр ретінде мен тұңғыш президентке көңіл айтуды дұрыс деп санадым. Оның үстіне бұл күні Алматыда іссапармен болдым. Біз үлкен және маңызды жобаны бастадық. Бұл Алматыны айналып өтетін айналма темір жол құрылысының басталуы еді. Бұл – біздің көлік және транзит қауымдастығын жақсарту үшін маңызды жоба. Сондықтан мен Алматыда іссапармен болып тұрып жоғарыда айтқанымдай, тұңғыш президентке көңіл айтуды дұрыс деп санадым”, – деп түсіндірді Смайылов.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары марқұм мемлекет қайраткері болмағандықтан, Әлихан Смайыловтың Болат Назарбаевты жерлеу рәсіміне қатысқанын сынаған. Сонымен қоса Смаиловтың қазіргі билік мүшелерінің ішінен жалғыз өзі келгенін байқағандар да болды.

Талқылау