Түркияның солтүстігінде су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Түркия президенті Тайып Ердоған әлеуметтік желілер арқылы қазалы отбасыларға көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

“Мен Кастамону, Синоп және Бартын провинцияларында су тасқыны салдарынан 17 азаматымыздың қаза болуына байланысты көңіл айтамын”, – деп жазды Түркия президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін республика билігі елдің солтүстігінде табиғи апаттан зардап шеккен 11 адам туралы хабарлаған болатын.
Ердоғанның айтуынша, 4600-ден астам адам мен 1000-нан астам техника қатысқан аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
11 тамызда қатты нөсер елдің солтүстік-шығыс провинцияларының бірінде, Бартын, Синоп, Кастамону облыстарында су тасқыны мен селге әкелді. Қала көшелерінде лай ағындары пайда болды. Ғимараттарға, көліктер мен инфрақұрылымға зақым келген.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан