Түркияның оппозициялық тобы мен Иран Палестинаның Израильге қарсы қозғалысын қолдады
Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sozcu.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
IYIP түрік оппозициялық партиясының жетекшісі Мерал Акшене ХАМАС-тың әрекетін сынға алғанымен, Палестинаны қолдады.
"Палестина халқының заңды және орынды талаптарын терроризммен ластады. Өкінішке қарай, мұндай әрекеттер Палестина халқының қайғы-қасіретін күшейтті. Біз әрқашан Палестина халқы үшін екенімізді айта отырып, Израиль үкіметін ақылға қонымды әрекет етуге шақырамын және зорлық-зомбылық мүмкіндігінше тезірек жойылады деп үміттенемін", – деп оппозициялық ұлттық-центристік партия жетекшісі.
Сонымен қатар Иран мәжілісінің депутаттары Палестинаның ХАМАС -тың Израильге қарсы әскери операциясын қолдады.
"Парламент депутаттары палестиналық моджахедтердің бұл әрекетін қолдайтындықтарын мәлімдеді", – делінген хабарламасында.
Газа секторында 232-ден астам палестиналықтар қаза тапты, тағы 1700 адам жарақат алды. ХАМАС қозғалысы 35-тен астам израильдік сарбаздар мен қоныстанушыларды тұтқындады деп мәлімдеді.