Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиялық клуб қазақстандық футболшы Абат Айымбетовке 90 млн теңге қарыз – БАҚ

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов бірнеше ай бойы түркиялық "Адана Демирспор" клубынан айлық алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/aimbetov9507

Ақпан айында түркиялық "Адана Демирспор" футбол клубының қатарына қосылған Абат Айымбетов команда қатарына қосылғанан бері әлі басшылықтан ақша алмаған.УЕФА санкцияларынан бөлек, қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатқан клубтың ойыншылары бес айдан бері айлықтарын алмаған. Команда қатарына 4 ай бұрын қосылған Абат Айымбетов осы уақытқа дейін шамамен 190 мың еуро (90 миллион теңге) қаржы табуы керек еді. Осылайша түркиялық клуб Айымбетовке 90 миллион теңгедей қарызданып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы Түркия чемпионатының соңғы ойындарында "Адана Демирспор" қатарындағы алғашқы голын салып, көзге түсті.

Талқылау