Түркиялық клуб қазақстандық футболшы Абат Айымбетовке 90 млн теңге қарыз – БАҚ
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов бірнеше ай бойы түркиялық "Адана Демирспор" клубынан айлық алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/aimbetov9507
Ақпан айында түркиялық "Адана Демирспор" футбол клубының қатарына қосылған Абат Айымбетов команда қатарына қосылғанан бері әлі басшылықтан ақша алмаған.УЕФА санкцияларынан бөлек, қаржылық қиындықтарды бастан кешіріп жатқан клубтың ойыншылары бес айдан бері айлықтарын алмаған. Команда қатарына 4 ай бұрын қосылған Абат Айымбетов осы уақытқа дейін шамамен 190 мың еуро (90 миллион теңге) қаржы табуы керек еді. Осылайша түркиялық клуб Айымбетовке 90 миллион теңгедей қарызданып отыр.
Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы Түркия чемпионатының соңғы ойындарында "Адана Демирспор" қатарындағы алғашқы голын салып, көзге түсті.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

