Түркияға демалуға барған турист коронавирустан көз жұмды
Ресейден келген Турист Анталияда коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

60 жастағы ер адам қыркүйек айының соңында әйелімен Түркияға демалуға барған. Оған бір аптадан кейін коронавирус диагнозы қойылды.
Ресей Федерациясының Анталиядағы Бас консулдығы ресейлік туристің коронавирустық инфекция нәтижесінде қайтыс болғанын растады. Жергілікті билік пен сақтандыру компаниясымен келісе отырып, денені қайтару үшін қажетті қадамдар жасалуда.
Ем үшін төлем жасау мәселесіне "сақтандыру компаниясы мен сақтандырылған тұлға арасындағы шарттық қатынастар" жауапты, - деп хабарлады Бас консулдықта.
Бір күн бұрын Түркияда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 2305 болды, 77 науқас қайтыс болды. Бұл сәуір айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш, ал қайтыс болғандардың жалпы саны 10 мыңнан асты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған