Түркиядағы жер сілкінісі: Ер адам 33 сағат бойы үйінділердің астында жатқан
Измирде болған жер сілкінісі салдарынан ер адам 33 сағат бойы қирандылардың астында қалған. Оны құтқарушылар шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Анадолу" агенттігі жариялаған кадрларда құтқару операциясы көрсетілген. Алдымен құтқарушылар үйінділерді күрейді, содан кейін зардап шегушіні жедел жәрдем көлігіне апарады.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңы.
Измирде кем дегенде 20 ғимараттың құлағаны туралы хабарланды. Жер сілкінісі кішігірім цунами тудырып, Сеферихисардағы жағалаудағы көшелерді су басты.
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адамдар саны 76-ға жетті.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ