Түркияда жүк көлігі адамдарды басып өтті: 16 адам қайтыс болды
Түркияның Дерик қаласында жүк көлігі адамдарды басып кеткен. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көліктің тежегіші істен шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жанармай құю бекетінің жанында болған. Видеода жүк көлігінің адамдар тобына қалай соғылып жатқанын көруге болады.
Көлік алдымен тоқтап тұрған екі көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 26 адам жарақат алған, оның сегізі ауыр жағдайда.
- Алматыда бөгде азаматтың көлігін айдап әкеткен ер адамның кесірінен 19 жастағы жігіт ажал құшты
- Түркия президенті Украинаға Зеленский және БҰҰ басшысымен кездесуге келді
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Түркияда 20 тамызда бірден үш ірі апат орын алған. Бұған дейін Анталияда екі автобус соқтығысқан, Трабзондағы апаттан тағы 20 турист зардап шеккен.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр