Түркияда апатқа байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елінің 3 мыңнан астам азаматының өмірін қиған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұтуды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аза тұту жеті күнге созылады.
"Жеті күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. 12 ақпан күн батқанға дейін Түркияның Туы бүкіл ел бойынша және шетелдік өкілдіктерде түсіріледі", – деп жазды Ердоған жеделхатында.
Дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 баллдық жер сілкінісі болды, бұл Ердоғанның айтуынша, 1939 жылдан бергі ең үлкен жер сілкінісі болды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия билігі халықаралық көмек сұратты.
Елде 16 мыңға жуық адам зардап шегіп, 2921 адам қаза тапты. 3 мыңға жуық ғимарат құлады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген