Түркия тұрғыны әйелін өлтіру үшін қазақстандықтарды жалдады
Ресейде кісі өлтірмек болған екі қазақстандық ұсталды. Белгілі болғандай, Түркия тұрғыны сонда тұратын екі қазақ пен ұлты орыс тағы бір азаматты балаларын алып кеткен әйелінің көзін жою үшін жалдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыс жасау үшін олар Красноярск өлкесіне барып, жабық Железногорск қаласының аумағына заңсыз кірген.
Ер адамдар әйелдің балаларды балабақшаға апаруын күткен, содан кейін шабуылдаушылардың бірі оны пышақпен ұрды. Осыдан кейін олар Красноярскіге қайтып, сол жерден Мәскеуге ұшып кеткен.
- Күйеуі жүкті әйелін суретке түсірген соң, жартастан итеріп жіберген
- "Мен әйелімді өлтірген жоқпын": Қарағандыға барар жолда жоғалып кеткен жүкті әйелдің күйеуі халыққа жүгінді
Күдіктілер Домодедовода шетелге ұшуға тырысқанда, үшеуін де полиция қызметкерлері ұстады.
"Зардап шеккен адам ауыр халде медициналық мекемеге жатқызылып, тергеушілерге Түркия Республикасында тұратын күйеуі шабуылға қатысуы мүмкін екені туралы ақпарат берді", - делінген Ресейдің Тергеу комитетінің хабарламасында.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады
