Түркия не себепті Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты?
5 тамыз күні Түркия үкіметі бірнеше мемлекеттермен әуе қатынасын тоқтату туралы шешім шығарған. Олардың арасында Қазақстан да бар. Өз кезегінде Түркия билігі не себепті мұндай қадамға барғандарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Түркия Қазақстанның коронавирус пандемиясына қарсы атқарып жатқан шараларды жоғары бағалап, екі рет гуманитарлық көмек жіберген. Бұл туралы еліміздегі Түркия елшілігінің өкілдері айтып берді.
Әлемдегі эпидемиялогиялық ахуал тұрақтанғаннан кейін Түркия билігі әуе қатынасын, оның ішінде Қазақстан мен мемлекет арасындағы ұшақ рейстерін қайта іске қосу туралы тоқтамға келген. Алайда көп ұзамай 5 тамыз күні екі ел арасындағы әуе байланысына қайта шектеу қойылыпты. Яғни қазақстандық барлық әуе ұйымдарының ұшағына Түркияға кіруіне тыйым салынған. Алдағы уақытта жағдай оңалса, өзгерістер енгізілуі мүмкін екен.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатқаны жайлы айтылған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр