Түркия Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
2020 жылғы 9 мамырда Алматыға Түркия Республикасының үкіметі атынан гуманитарлық жүк жеткізілді. Оның ішінде медициналық маскалар (150 000 дана), бетке арналған қорғаныс экрандары (50 дана), көзді қорғайтын көзәйнектер (100 дана), комбинизондар (300 дана) және дезинфекциялық құралдар бар.

Бауырлас Түркияның бұл қадамы коронавирус індетімен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың айқын көрінісі.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 11 мамырда Түркияның жетекші фармацевтикалық өндірушісі «Abdi Ibrahim» компаниясы да COVID-19 коронавирусымен күресуде белсенді қолданылатын, құрамында хлорокин бар «Kutlu» дәрісі мен ацетилцистеин препаратын Қазақстанға гуманитарлық қолдау ретінде жібергенін атап өткен жөн.
Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.
Бұдан бұрын Қазақстанға гуманитарлық көмекті YDA Holding, Anadolu Endustri Holding (Coca-Cola Icecek), Nobel Ilac сияқты басқа да бірқатар түркиялық инвесторлар тарапынан жіберілгендігін атап өткен жөн.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды