Түркия Газаға жасаған шабуылына байланысты Израильмен сауда қатынасын тоқтатты
Түркия Израильмен барлық сауда қатынасын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
2 мамырдан бастап екі ел арасында барлық импорт пен экспорт тоқтатылады. Түркия Израильді Газа секторына геноцид жасады деп айыптап отыр.
Алайда Түркия бұл шешімін әлі ресми түрде жариялаған жоқ.
"Түркия бейсенбіден бастап Израильге барлық экспорт пен импортты тоқтатты", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Түркия Израиль премьер-министрінің үстінен халықаралық сотқа шағым түсірген еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған