Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық тұрғыннан 1 мыңнан астам "Трамадол" дәрісі тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан "Трамадол" препаратының 1 мыңнан астам данасы тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: polisia.kz

Препараттың әрқайсысында 10 таблеткадан тұратын 26 пластина болған. Жедел шаралар барысында күдікті сатуға тыйым салынған дәріні Сарыағаш ауданының тұрғынынан алғаны анықталды.

Шұғыл іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын да анықтап, тыйым салынған препаратты сату кезінде қолға түсірді. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғынының қалтасынан "Трамадолдың" 3 пластинасын тапты. Дәрілік препараттың жалпы саны 1 мыңнан астам таблетканы құрап отыр.

"Жинақталған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы "Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу" бойынша тіркеліп, тиісті шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тапсырылды" - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Талқылау