Түркістанда кәсіпкер алаяқтық жолмен қызметкерінің атына 1,5 млн теңге несие рәсімдеген
Түркістанда кәсіпкер алаяқтық жолмен қызметкерінің атына 1,5 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Түркістан қалалық полиция бөліміне белгісіз біреудің алаяқтық жолмен өзінің атына несие рәсімдегенін айтып жергілікті тұрғын шағымданған. Келтірілген шығын шамамен 1,5 миллион теңгені құрады.
Полиция бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Күдікті бір тәулік ішінде анықталып, ұсталды.
Күдікті жәбірленуші жұмыс істеген дүкеннің иесі болып шықты. Тергеу барысында күдікті кіріс-шығыс сметасын тексереміз деген желеумен қызметкерден ұялы телефон сұрап, банктік қосымша арқылы онлайн несие рәсімдегені белгілі болды. Алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған