Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған әйел ұсталды (видео)
Түркістанда жалдамалы пәтерлердің бірінде екі баласын өлтірді деп күдікке ілінген келіншек Шымкенттен табылды. Күдіктіні іздеу жұмыстарына полиция департаментінің және көршілес аудандар мен қала полициясының жеке құрамы жұмылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облысы ПД
“Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергеуі менің жеке бақылауымда”, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов.
- Ақтау әуежайында 300-ге жуық есірткі контейнерін жұтып қойған екі шетелдік ұсталды
- Петропавлда жақындары өрттен қаза тапқан ер адамға кісі өлтірді деген айып тағылды
Күдікті қамауға алынды.
Бұған дейін Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылғаны туралы жазған едік. Кейін күдіктінің Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды.
Мұғалімдерді аттестаттау жүйесі мен шетелден көлік әкелу тәртібі қайта қаралады: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда не өзгереді?
Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларға сабақ кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады