Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жаңадан төселген асфальт бөлініп, үгітіле бастаған (видео )

Түркістан облысында жаңадан төселген асфальт бір күнге де шыдамай бұзылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Желіде жаңадан төселген асфальттың бұзылған бөлігі түсірілген видео тарады. Кадрлардан ескі жол қабатының алынбағанын байқауға болады. Оқиға А-15 республикалық тас жолының "Жыззақ-Гагарин-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Қапланбек-Жібек жолы" учаскесінде болған.



Жергілікті Антикор департаментінің мәліметінше, тас жолдағы ақау 29 қыркүйекте анықталған.

"Жол төсемдеріндегі ақау көліктердің жаңадан төселген жолға мән бермей, жүруінен болған. Бұл аймақта жұмыс тығыз жағдайда жүргізілді. Балама айналма жол жоқ. Аудандағы көліктердің қарқындылығы тәулігіне 20 мыңнан асады. Ал жүк тасымалы тәулігіне 3 мыңнан жоғары. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Түркістан облыстық филиалының атынан тапсырыс беруші аталған бөлім бойынша орындалған жұмыстарды қабылдамады", – делінген агенттік жауабында. 

"ҚазАвтоЖол" жолдың Көлік министрлігінің құзырында екенін айтты. Компанияның облыстағы филиалы жағдайды түзету үшін жұмыс істеп жатыр.

"Филиал Мердігерге тиісті зертханалар мен институттардың сапасы туралы қажетті қорытындылар мен растауларды ұсынып, қайта құру арқылы барлық ақауларды жоюды тапсырды", – делінген жауапта.

Сонымен қатар, мердігерге келісім-шарт негізінде ақауларға байланысты айыппұлдар салынды.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде 100 миллион теңгеге жөнделген аспалы көпірдің асфальті үш айға жетпей үгітіле бастағаны туралы жазған едік. 

Талқылау