Түркістан облысында түлектер көпбалалы анаға үй алып берді
Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округінің тұрғыны, жалғызбасты ана Есболатова Нұргүл Бекжанқызы мектеп бітірушілердің демеушілігімен тұрғын үйге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, 2000 жылғы мектеп түлектері оқуды аяқтағынаның 20-жылдығына арналған кездесуде тұрғын үйге мұқтаж жерлестеріне көмек көрсетуге шешім қабылдаған.
Нәтижесінде, көп балалы анаға үй кілттері табысталды. Сонымен қатар, отбасына тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. Қайырымдылық шараның бастамашысы аудан әкімі мен ауыл ақсақалдары болды.
Нұргүл Бекжанқызы көрсетілген көмек үшін барлығына шын жүректен алғысын білдірді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен