Түркістан облысында өзен тасып, жолды су шайып кетті (видео)

Түркістан облысында құтқарушылар 29 адамды эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өзен тасып, демалыс орнынан баратын жолды су шайып кетткен.
“Түркістан облысы Абай ауылында Жаңақорған өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты демалыс орындарының бірінде қатты жауын-шашыннан кейін топырақ жолы шайылды. Адамдар қауіпсіз жолдан айырылып қалды”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда 5 өңір су тасқыны қаупі жоғары аймақ қатарына кірді
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Судың ағысы қатты болғандықтан, азаматтар жолдың бұл бөлігін өз бетімен кесіп өте алмай қалған. Құтқарушылар жолдың қираған бөлігінен өткел ұйымдастырып, 29 адамды, оның ішінде сегіз баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Барлық эвакуацияланғандар Түркістан қаласына жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы тауларында қарапайым қолшам адам өмірін сақтап қалғаны туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады