Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігітті ауылдастары 14 жыл бойы зорлап келген

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жігітті зорлады деген күдікпен алты адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Келес ауданының 24 жастағы тұрғыны өзін 14 жылдан бері туыстары мен ауылдастары қорлап жүргенін анасына айтып берген.

“Бұл жерде 100 шақты үй тұрамыз. Шағын ауыл. Өзімнің аталас, қайнымның үш баласы, бір үйдің үш баласы бұл жерде кезек-кезегімен істеп келген. Одан кейін тағы өзінен 10 жас кішкентай бала да зорлап келген. Өзінен үлкен де зорлап келген, кіші де зорлап келген. Менің күйінетінім сол. Бұның әлсіздігін пайдаланып, әкесі жоқ екенін пайдаланып, жылдар бойы қорлап келген”, – дейді жәбірленушінің анасы.

Ақыл-есінде кемістігі бар жәбірленуші жігіттің дамуы төрт жасар баланың деңгейінде қалып қойған дейді анасы. Жәбірленушінің өзінің айтуынша, ауылдастары оны ұзақ жылдар бойы зорлап келіпті. Соңғы рет ақпан айында қорланған жігіт, қатты ауырсынған соң, бәрін анасына айтып берген. Осыдан кейін отбасы полицияға шағымданып, іс қозғалған.



Күдіктілердің төртеуі ересек болса, екеуі —  кәмелетке толмаған жасөспірімдер екен. Жәбірленушінің анасы кінәлілер жазасыз қала ма деп алаңдайтынын айтады.

Полиция департаменті тиісті сараптамалар тағайындағанын атап өтті. 

“Аталған факті полиция бөлімінде тіркеліп, барлық мән-жайыy анықтауға бағытталған жедел-тергеу жүргізілді. Yәтижесінде полицейлер алты жергілікті тұрғынды жеткізіп, жауап алды. Сараптамалар тағайындалды және жедел тергеу шаралары жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Іс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда белгісіз біреу 18 жастағы мүгедектігі бар жігітті ұрлап кетіп, зорлағаны туралы ақпарат тараған еді. 

Талқылау