Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мектеп түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйлады

20 жыл бұрын Созақ ауылының "Созақ" мектеп-гимназиясын бітірген түлектер қайырымдылық жасап, жалғызбасты анаға баспана салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, төрт бөлмелі үйде ауыз су, жарық және жылу орнатылған. Заманауи жабдықтармен жабдықталған, ауласы да аяқталған.

Жаңа баспана алған жалғызбасты ана Саламат Ералиева қуанышымен бөлісіп, жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, 2001 жылғы мектеп түлектері ауылда футболдан жарыс ұйымдастырған. Барлық іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Ауыл түлектері туған өлкенің өркендеуіне өз үлестерін қосуда.


Қазақстандық көп балалы ана қарыздан құтылу үшін бүйрегін сатпақшы 


Мәслен, былтыр салынған бір үй көп балалы жалғызбасты анаға берілді. Биыл Созақ ауылында тағы үш үй салынуда. Бұдан басқа, бұрын ауылға кіре берісте киіз үй, ал ауылдың орталығында  "Бәйтерек" орнатылды.

 

Талқылау