Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында коронавирусты жұқтырған адам туралы жалған мәлімет таратқан әйел ұсталды

Түркістан облысындағы Келес ауданының полиция бөлімшесіне WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз тұлғалар осы аудан тұрғынының коронавирус жұқтырғанына қатысты жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Бұл фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша СДТБТ-ға тіркеді

Тексеру барысында аудио-хабарламада көрсетілген әйелдің Германиядан 10 наурыз күні Мәскеу-Шымкент рейсімен ұшып келгені анықталды. Әуежайда оны медицина қызметкерлері қарсы алып, Шымкент қаласындағы үйіне карантинге орналастырды. 

Қазіргі уақытта ол көрсетілген мекен-жай бойынша амбулаториялық емделуде. Оның денсаулығы жақсы. Жәбірленушінің өзі полицияға жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту туралы өтініш білдірген. 

18 наурызда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес ПБ-нің полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. 

Күдікті өз әрекетін толық мойындап, өкінішін білдірді. 

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. 

Бұған дейін Түркістан облысында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 3 адамға қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек

Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарған қазақстандық ғалымдарды құттықтады

Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тіледі
Çàãðóçêà...