Түркістан облысында екі ер адам әкімдік ғимаратында төбелес шығарды

Фото: gov.kz
Түркістан облысының Келес ауданы әкімдігінің ғимаратында екі ер адам төбелес шығарды. Олардың бірі келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкер болса, екіншісі жергілікті тұрғын екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік өкілдерінің мәліметіне сәйкес оқиға дүйсенбі таңертең болған. Ал жанжалға қатысушылар таныстар.
"Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметкерлер емес. Қазір аталған дерек бойынша құқық қорғау органының өкілдері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", – деп пікір білдірді Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әзірге төбелеске не себеп болғаны белгісіз. Полиция ресми пікір білдірмеген.
Расталмаған ақпаратқа сәйкес төебелскендердің бірі жарақат алған. Алайда нақты қандай жарақат екені айтылмады. Ал Келес аудандық ауруханасы науқастың құқығына сілтеп пікір білдірмеген.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда