Түркістан облысында бір жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана шұңқырына бір жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

12 мамырда "112" пультіне жергілікті үйлердің бірінің ауласында орналасқан тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылы туған баланың құлап кеткені туралы хабарлама түскен.
"Сағат 15.03-те құтқарушылар баланы құтқарушы арқанмен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігердің тексеруінен кейін бала үйіне шығарылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады