Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 400 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлер білім беру саласында аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Келес ауданы білім бөлімінің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген.
Белгілі болғандай, мектеп қызметкерлерінің карта шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-іне ауыстырылған. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар