Қазақстанның оңтүстігінде 90 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Түркістандық полицейлер 90 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздікті қадағалау кезінде "Қорғау" бағдарламасының көмегімен "Toyota Highlander" автокөлігін тоқтатты. Себебі патрульдік полицейлердің қолындағы планшетке жедел басқару орталығынан жүргізушінің қарызы бар екені туралы дабыл қоңырауы түскен.
Тексеру барысында 46 жастағы Қызылорда тұрғынының ірі көлемдегі айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды. Сот орындаушының қаулысына сәйкес автокөлік айыптұрағына жеткізілді.
“Заң талаптарына сәйкес, полицейлер көлікті айыптұрағына қойып, жүргізушіге салынған айыппұлдар мен қарыздарды уақытылы төлеу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді”, – деп мәлімдеді Түркістандық облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"